Қазақстанның Жастар Медиа Одағының жобасы Қазақстан Республикасының Мәдениет Министрлігінің, Қазақстанның журналистер ұйымының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. 2011 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының XVII сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлегенде, «барлық этнос өкілдерінің қазақ тілін меңгеруіне ықпал ету – басым бағыттардың бірі болып табылады... Қазіргі таңда үш тіл әдісімен Қазақстан Республикасының әр аймақтарында 33 арнайы мектептер жұмыс істеп жатыр», деп айтты. 2011 жылдың 28 қаңтарында өзінің Қазақстан Халқына Жолдауында Президент әлеуметтік жетілдіруге (модернизацияға) ерекше көңіл бөлді және үш маңызды мемлекеттік бағдарламаны бекітті, соның ішінде тілді және білімді дамыту: «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деп түйіндеді. «Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін. Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу…Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін», деді Президент. Бұқаралық ақпарат құралдарының саласында 15 жыл жұмыс істей отырып біздің үкіметтік емес ұйымымыз газет, теледидардың мультипликативті әсерін бірнеше рет тәжірибеде тексерді. Бірнеше тіл білетін журналист, өзінің күнделікті жұмысымен көптеген отандастарымызға үлгі көрсетеді. Ол мемлекеттік саясатты орындарға және керісінше көпшіліктің өкіметпен байланысын тарататын адам. Бұқаралық ақпарат құралының жұмысшыларының арасында үш тілдің әйгілі болуы біздің «Let’s speak қазақша!» жобамыздың ең басты мәселесі. Қазақстанның Жастар Медиа Одағының директоры, Президент жанындағы Жастар саясаты Кеңесінің мүшесі Светлана Галиева: 8 777 171 4774, svetlana.galiyeva1@gmail.com, svet_gal@rambler.ru Журналисті Руслан Минулин: 8 701 782 6721, 8 777 263 2947, rus_minulin@mail.ru |