Азаматтық қоғам дамуы проблемаларын жариялауға арналған Республикалық журналистік
шығармашылық байқау туралы ЕРЕЖЕ
Ұйымдастырушылары:
Қазақстан Жастар МедиаОдағы
Астана қ. Ішкі саясат басқармасы
Байқауға жас мөлшері шектеусіз журналистер, қоғаммен байланыс мамандары, кәсіби немесе жеке меншік БАҚ, коммерциялық құрылымдар атынан тәуелсіз журналистер қатыса алады.
Байқауға қатысуға:
- кез келген меншіктегі бұқаралық ақпарат құралдарының атынан кәсіби журналистер;
- мектеп, лицей, гимназия, студенттік басылымдардың тілшілері;
- шығармашылық бірлестіктер мен клубтардың жас журналистері;
- жас дизайнерлер мен web-шеберлер;
- үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері;
- коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың қоғаммен байланыс бөлімдерінің қызметкерлері шақырылады.
Авторлық (жеке немесе ұжымдық) жұмыстар, бағдарламалар қабылданады. Шығармашылық байқауға ұсынылған шығармашылық жұмыстар жариялануы, эфирде жарық көруі немесе 2007 жылдың 1 қаңтарынан 2008 жылдың 1 қазанына дейін жүзеге асырылуы тиіс.