2009 жылы 6-наурыздағы ел Президентінің халқына Жолдауында ұсынылған нақты шаралар аясында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайларды талықлау мен ғылыми бағалау Обсуждение и научная оценка сложившейся социально-экономической ситуации в свете конкретных мер и путей, предложенных в Послании Президента страны народу Казахстана от 6 марта 2009 года 27 октября 2009 года Евразийский Национальный Университет имени Л.Н.Гумилева экономический факультет
Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі: саяси және дипломатиялық аспектілері Председательство Казахстана в ОБСЕ в 2010 году: политический и дипломатический аспекты 10 ноября 2009 года Евразийский Национальный Университет имени Л.Н.Гумилева факультет международных отношений
Әлемдік және дәстүрлі діндердің IV съезі аясындағы дінаралық диалог алаңының ұлғаюы Расширение площадки межконфессионального диалога в рамках IV Съезда мировых и традиционных религий 13 ноября 2009 года Отель «Думан», конференц-зал «Аристократ»
Ұлы Отан Соғысының 65-жылдығы: отансүйгіштік пен азаматтық негізіндегі ұрпақтар жалғастығын ғылыми негіздеу қажеттігі 65-летие Победы в Великой Отечественной войне: научное обоснование необходимости преемственности поколений на основе патриотизма и гражданственности 19 ноября 2009 года Казахский Университет экономики, финансов и международной торговли
Жаңа астана – Астана қаласының Қазақстанның ұлттық өркендеуіндегі рөлі мен мәнін айқындау Осмысление роли и значения новой столицы – города Астаны в национальном возрождении Казахстана 18 ноября 2009 года Казахский Университет экономики, финансов и международной торговли
Р.Ш. Нуриден, Казахстан, Астана, кандидат филологических наук, доцент кафедры телерадио и PR Евразийского Национального Университета имени Л.Н.Гумилева
Еліміздегі әртүрлі конфессиялар арасындағы диалогты жолға қою тәжірибесінен басқа елдер үлгі ала бастады.Елбасының өзі елімізде 40-тан астам конфессия татулықта өмір сүріп жатыр дегеніміз, бос сөз емес, соңғы 15 жылдың ішінде баспасөз бен телеарналар бірде-бір рет қандай дінді ұстанған болса да адамның діни сезіміне тимегендігін 2 съезде атап көрсеткен еді. Өйткені елдің Атазаңы бұған тыйым салады.Осы жылдар ішінде мұндай мәселе бойынша жазаланған журналист жоқ. Қоғамда дінаралық түсіністік пен төзімділіктің сақталуына БАҚ-ның қосып отырған ролі зор деуге болады. Дінаралық диалог орнату заманмен үндеседі. Конфессияаралық татулық пен келісімді насихаттап, еліміздегі осы бағытта өткізіліп келе жатқан шараларды оқырмандарға таныстыруда «Егемен Қазақстан» газетінің ролін бөле- жара атап өтудің маңызы зор деп білеміз. Биылғы жылы шыға бастағанына 90 жыл толатын бұл қарт басылымның еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігі жолындағы қызметі ерекше атап өтуге тұрарлық. Әуелі өз ішімізде келісім мен тұрақтылық орнату үшін республикадағы ұлт пен ұлыстың өкілдері,сенім-наным өкілдері тату-тәтті өмір сүруін насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының абызы-«Егемен Қазақстан» газеті оқырманды жаңа мыңжылдықтың, жаңа ғасырдың тың талаптарына сай болатындай етіп ширатуды мақсат тұтады. Соңғы бес жылда газет таралымының екі жарым есеге көбеюі- салиқалы, салмақты ойлар айту арқылы оқырман көңілінен шығуының айғағы деуге болады. -Қазақ баспасөзінің дәл бүгінгі таңда халықтың рухын көтеру,елдің еңсесін биіктету жөнінде атқаратын миссиясы өте қастерлі. Мына өмірдегі жақсылық атаулыны,ізгілік атаулыны, игілік атаулыны,жылт еткен өркенді өзгерісті қалт жібермей,жұртшылыққа жеткізу, озықтан бәрінен үлгі алуға шақырып отыруымыз, елдің бас газеті ретінде осы істе өзгелерге өнеге көрсетуіміз шарт-, деген басылым басшысының пікірі ұжымның ұстанымы. Әлемдік екі дін — ислам мен христиандық, басқа да діндер арасындағы татулықты сақтау жолындағы басылымның ұстанған бағыты - еліміздің береке-бірлігін сақтауда өз функциясын атқарып жүргендігі деп білеміз.. Ол — біріктірушілік функциясы (интеграция). Көңіл аударатын тағы бір мәселе —«Біз-қазақстандықтармыз» деген айдар тұрақты беріліп, еліміздегі ұлттык келісім мен ішкі тұрақтылықты сақтау үшін әр діннің, ұлттың қарым-қатынасы дұрыс болып, түсіністік орнауы қажет. Сол мақсаттың орындалуы үшін — газет арнайы айдар ашып, бет арнап, әртүрлі ұлт өкілдерінің пікірлерін ұйымдастырып отырады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салихалы саясатының арқасында, біз қазіргі діни дүрбелең жүріп жатқан кезеңде, күллі дін өкілдерін бір орталыққа жинап, үнқатысуға, татулыққа шақырдық. Бұл оқиға бұқаралық ақпарат құралдарында үлкен насихатқа ие болды. Сол күндері «Егемен Қазақстан» газеті «Диалог арқылы түсіністікке», «Толеранттылық, келісім және үнқатысу», «Қазақстан – діни қатынастар орталығы», «Дінаралық татулық бейбітшілікті сақтаудың кепілі», «Қазақ елі – ортақ тіл табысудың орнықты мекені», «Діннің ізгілік жолы өзара түсіністікке жетелейді», «Дін бейбітшілік тірегі» тағы да басқа көптеген осындай тақырыптармен мақалалар жариялады. Тақырыптың өзінен ақ мәселенің өзектілігі көрініс табады. Ол тақырыптарды ашу үшін елдің айтулы азаматтары сөз алады, ой айтып, пікірлерімен бөліседі. Осы мақалалардың тақырыптары өзектес, мәндес болғанымен де, әрқайсысы өзіндік ой мен идеяны алға тартады. Елбасы алға тартып отырған мәселені бірлесе шешуге, оқырманмен ақылдасуға шақырады. Біз сөзіміз дәлелді болу үшін, газет беттерінде жарияланған мақалаларды сарапқа салып, талдап көрелік. Толеранттылық, келісім, үнқатысу, ынтымақтастық деген сияқты ғаламдық мәнге ие болған ұғымдарды Қазақстан қоғамы қалай түсінеді, сол жолда қандай істер жасалуда? Діннің қоғамдағы ролі қандай? Қазақстан әлемге үлгі көрсете ала ма?-деген сияқты сауалдарға газет ел президенті Н.Назарбаевтың рухани ойларынан туындайтын мәселелерден бастап, дінбасы, дін қызметкерлері, дінтанушылар, жазушылар мен ғалымдар, танымал зиялы қауым өкілдері, қарапайым адамдардың пікірлерін паш етеді. 2003 және 2006, 2009 жылдары әлемдік және дәстүрлі діндер съездерін өткізу алдындағы Хатшылық жұмыстары, олардың Қазақстанда өтуі, ендігі болатын жиындарға байланысты газет тұрақты түрде мақалалар жариялап тұрды. ҚМДБ бас мүфтиі Ә.Дербісәлі, философтар: академик Ж.Әбділдин, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ә.Нысанбаев, философия ғылымының докторыА.Айталы сияқты танымал тұлғалар және саясаттанушылар, жазушылар, ғалымдар пікірлерін ортаға салады. Бейбітшілік және татулық жөніндегі бірінші халықаралық конферециядан кейін 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I съезі болып өтті. Съезд жұмысын 80 шетелдік, 275 қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері әлемге жария етті.Съезд қарсаңында да, оны өткізу кезінде де БАҚ кеңінен ат салысты. «Тәуелсіздік жылдары Қазақстанды мекендейтін 130-ға жуық ұлт пен 40-тан астам діни конфессиялар арасында татулық, өзара келісім берік орнықты. Соның арқасында біз дамудың қазақстандық моделін ойдағыдай жүзеге асырып, экономиканы реформалауда зор табыстарға қол жеткіздік. Ядролық қарудан бас тартып, Қазақстанды бейбітшілік аймағына айналдырдық. Барлық көршілерімізбен тату қарым-қатынас орнатып, жаһандық қауіпсіздікті сақтауда өңірдің көшбасшысы атандық.Осының бәрі бізге бар ғұмырын әлемдегі алуан дінді ұстанған халықтарды тыныштық, бітімгершілік, татулық пен келісімге арнаған Сіздер сияқты дін басшыларын шақырып, келелі кездесу өткізуге мүмкіндік туғызып отыр»-деген еді Елбасымыз Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 1 съезінде сөйлеген сөзінде. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен әлемдегі түрлі діни конфессияларды ашық үнқатысуға шақырған бұл жиынға дүниенің төрт бұрышындағы 17 мемлекетінің дін адамдары және халықаралық ұйымдар мен басқа да сала өкілдері келген болатын.Съезге Рим Папасы Иоанн Павел ІІ, Бүкіл Ресей және Мәскеу Патриархы Алексий ІІ, Кентерберий архиепископы Р.Уильямс, Варфоломей православиелік шіркеуінің Константинополь Патриархы құттықтау жіберіп, қолдаған еді. Бұл съезд жаһандық сипат алып, соны насихаттауға келген өзіміздің және шетел журналистері діни форумның әрбір сәтін қалт жібермей,төрткүл дүниеге таратты.БАҚ әсіресе, әл Әзхар университетінің жоғары имамы Мұхаммад Саид Тантауи мен Израильдің бас раввині Йона Мецгердің съезд үстінде қол алысуын өздері де күтпеген тосын оқиға ретінде жер жүзіне таратып, халықаралық қауымдастық арасында серпіліс туғызды. Германияның «Неміс толқыныЕгемен Қазақстан» газеті таныстырды. Шетелдік және жергілікті БАҚ атсалысуымен бұл діндер форумы «теңдессіз оқиға» болып тарихта қалды. Мұндай басқосулар болған, бірақ Қазақстанның Елордасы-Астанада болған бұл форум мұсылман, христиан, иуда, будда, синтоизм, даосизм, брахманизм сияқты әртүрлі дін өкілдерін бір есіктен кіргізіп, бір үстел басында әлемдік деңгейде бас қосуға мұрындық бола алды. «Қазақстан сөйтіп осыншама сан алуан дін өкілдерінің басын қосып, алқалы жиын өткізген тұңғыш мұсылман мемлекеті ретінде тарихқа енді. Франция митрополиті Эммануельдің «Астанаға мен білетін діндердің бәрі бас қосты», деуі де сондықтан».Әлем елдері мұндай басқосудан үмітті болғанымен, дәл біздің еліміздегідей жағдайдың оларда бола бермеуі мүмкін.Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы беделі алқалы жиын өткізудің алғышартын жасады. Әртүрлі конфессиялар арасындағы диалогты жолға қою тәжірибесінен басқа елдер үлгі ала бастады. Афинадағы ХХVI жазғы дүниежүзілік Олимпиада алдында өткен халықаралық конференцияда Франция митрополиті Эммануэль біздің елімізде өткен съезге өзінің қатысып, одан үлкен әсер алғандығын айтқан екен. Астана съезіне қатысып, соны насихаттап, қолдау үшін 2005 жылы Бомбейде халықаралық симпозиумды ұйымдастырған Шантилал Карамши Сомайя екінші съезге де қатысып, өзінің жүрекжарды пікірін айтқан еді. Бұл жайында біздің үлгімізбен шаралар өткізген елдерде болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Астана - әлем діндері үнқатысуының орталығы» атты мақаласында Елбасымыз Н.Назарбаевтің арнайы бастамасымен өткізіліп келе жатқан діни үнқатысудың мәні мен маңызын түсіндіріп, дәстүрлі діндер делегациясына жеке дара тоқталып, кеңінен мағлұмат береді. Астана съезінің тағылымын ерекше атап өтеді. «Астана үнқатысуының өзіміз үшін де тағылымы зор деу керек. Елбасымыздың мұндай съезд өткізудегі мақсаттарының бірі көп ұлтты, көп дінді республикамыздағы ел тыныштығының болашағы,ынтымағы.Осы салада қандай да бір жаманаттың алдын алу».Барлық діндерге құрметтеп қарап, сыйластық таныта отыра, асыл дініміз Исламның шеттеп қалмауын да еске салады. Елімізде тұратын халықтың жетпіс пайызы мұсылмандар.Олар Исламдағы Әбу ханифа мазһабын ұстанады.Онда жергілікті халықтың шариғатқа қайшы келмейтін әдет- ғұрпы қуатталады.Сол себепті өз мазһабымыздан айнымай, ұлттық озық әдет- ғұрпымызды сақтай отырып, өркениетті жолмен дінімізді көркейтуіміз керектігін де ескертеді. Олай болса үнқатысу, діндер, ұлттар мен ұлыстараралық сыйластыққа кең жол аша отырып, өз дініміз Исламның беделін көтеру,насихаттау, абыройын арттыру секілді мұраттарды осындай жиындардың темірқазығы ету ләзім. Әбсаттар кажы Дербісәлінің «Діні күшті елдің іргесі берік», «Дін достыққа, бірлікке, болашаққа бағыттайды», «Ислам ізгілік ұрығын себеді», «Ел мен дін мұраты — ынтымақ пен бірлік» деп аталатын мақалаларынын атының өзі айтып тұрғандай, елдің бірлігі, діндер мен конфессияаралық татулық, халықтар достығы жайлы болып келеді. Діндераралық түсіністік, сыйластық- уақыт талабы деп атап көрсетеді Әбсаттар қажы.Оған мысал ретінде біз әңгіме етіп отырған съездерді мысалға келтіре отырып, тағы да мұсылман халқының өзге тіл, өзге дінді адамдарға құрметпен қарайтындығын,өйткені Қасиетті Құранда:«(Өзге дін өкілдерінің ішіндегі ) сендермен соғыспағандарға, сендерді мекендеріңнен қуып шықпағандарға келсек, оларға жақсылық жасаудан,олар туралы әділ болуданАлла сендердің жолдарыңды тоспайды.Алланың әділ жандарды жақсы көретіні даусыз» (Мумтахина сүресі,8-аят),-делінгендігімен дәлелдейді. Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз: «Дін-насихат»,- деп айтып кеткен. Мұның мән -маңызы бүгінгі таңда тіпті айрықша. Дінді насихаттап,оны біліммен танып,санамен қабылдауда осындай ойлы мақалалардың көмегі мол. Бас муфтидің өзі газеттің тұрақты авторы. Ә.Дербісәлінің көсемсөзші болып қалыптасуында газеттің де үлесі бар. Шетел мойындаған осындай азаматтың ойлы пікірлері оқырманын иландырады, газеттің беделін арттырады. Әбсаттар қажының мақаласымен қатар Астана және Алматы митрополиті Мефодийдің, басқа да дін өкілдері басшыларының пікірлері беріліп тұрады. Әсіресе, толеранттылық, келісім, дінаралық тұрақтылық мәселесіне газет үнемі көңіл бөліп отырады. Этносаралық және конфесияаралық диалог мәселелерін қарастыру- бүгінгі күні өте өзекті болып отыр. Діни-этникалық қақтығыстар халықаралық лаңкестік пен діни экстремизм сияқты жағымсыз көріністердің тарауы мен тереңдеуіне ықпал етеді.Оның үстіне қазіргі жаһандану үрдісінде мұндай құбылыстармен күресіп, оның шешімін табуға бір мемлекеттің күші келмейді, онымен әлемдік қоғамдастық болып күресу керек. Күрескенде қарудың күшімен емес, халықаралық деңгейде барлық күш-жігерді біріктіру арқылы ашық әңгіме, диалог жағдайында ғана қажетті нәтижеге жете аламыз. Конфессияаралық бейбітшілік пен келісім көпұлтты, көптілді және көпконфессиялы Қазақстан үшін күрделі мәселе болса да бүгінде еліміз дүние жүзіне бүкіләлемдік діни-рухани форумның орталығы есебінде де таныс. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 1 съезі кең ауқымды қамтыған конфессияаралық диалогты жүзеге асыруға бағытталған саяси оқиға сияқты болғанымен, оның терең мазмұнын «Егемен Қазақстан» оқырманға түсіндіре білді.«Бір ғана діни кеңістік құруға болмайды,бірақ бейбітшілік алаңын жасауға болады.Мен дінді жауласудың емес, бірігудің факторы ретінде қараймын» деген Елбасының сөзін «Егемен Қазақстан» үнемі басшылыққа ала отырып, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері І съезінің жалпыадамзаттық принциптерді- бейбітшілікті, шыдамдылықты, келісімді нығайту;өзара сыйластық пен төзімділікке қол жеткізу; жанжалдар мен әскери қақтығыстарды болдырмау үшін адамдардың діни сезімін пайдалануға қарсы тұру сияқты басымдылықтарына назар аудара отырып, көптеген мақалалар ұйымдастырды. Қазақстанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің тұңғыш съезінің діндер диалогын әлемдік деңгейде өткізуіне БАҚ қосқан үлесінің зор екендігі сөзсіз. Алғашқы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің І съезінде келесі кездесуді жаңа Бейбітшілік пен келісім сарайында өткізу туралы шешім қабылданып, ІІ съездің де тағы да Қазақстанның Елордасында өтетіндігі анықталды.Осы аралықта газет «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезі қарсаңында» деген айдармен насихаттық жұмыстар жүргізе бастады. Біздің елімізде жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың тұратындығы, олардың барлығына республика Конституциясы бірдей құқықтар мен еркіндіктерге кепілдік беретіндігі белгілі.. Ашықтық пен ынтымақтастық рухы біздің дәстүрлердің бір бөлігін құрайтындығы, өйткені бағзы замандардан бері Қазақстан түрлі дәстүрлер мен мәдениеттердің тоғысу және табысу мекені болғандығы да қазір айтылып та жазылып келеді. . Сондықтан жаңа замандағы еліміз басқа халықтармен,ұлттармен және мәдениеттермен мүдделес ынтымақтастықтың «көпірлерін салу» үшін қажетті алғышарттардың-туысқандықтың, диалог пен өзара түсіністіктің рухында өркендеуді қалайтындығын да көре білді.Осы ойлармен сабақтасып, көп ұзамай елімізде діндер диалогы басталды. Диалог-өзара түсіністікке негізделген, оған қатысушы екіжақтың мүмкіндігі бар әлеуметтік құбылыс.Диалог-бұл адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, басқаларды түсінудің оңтайлы тәсілі. Мәдениеттер мен діндердің диалогы шиеленістерді шешу үшін ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді.Бұл орайда Қазақстан үлгі бола аларлық. Этникалық және діни төзімділікке тәрбилеп, этностардың дәстүрлі мәдениетін сақтау мен өрістету үшін, қоғамда түсіністік пен сыйластықты арттыру үшін игі шаралар атқарылуда. Құрбан айт пен Рождествоның ресми тойлануын осының жарқын мысалы ретінде айтуға болады. Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында дәстүрлі діндер маңызды рөл атқарады. Ислам, христиандық және иудей діндерінің жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтарының ұлтаралық және конфессия- аралық келісім мен татулықты орнықтырудағы маңызы ерекше. Олар қоғамымызда достықты, өзара құрмет пен түсінісушілікті нығайтуға қызмет етеді. Еліміздің биік мінберлерінен айтылған осындай ойларды халыққа түсіндіріп, ой конфессиялық келісім ісінде игі дәстүрлерге ие болғандығын паш етеді. Қазақстан көне заманнан бері саналуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болғандығын, ел аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зоростризм, манихейлік, буддизм, христиандық және ислам сияқты әртүрлі нанымдар бейбіт қатар өмір сүргенін, яғни толеранттылық пен конфессияаралық келісімнің үлгісі болғандығын баяндайды.Бұқаралық ақпарат құралдарында біз қарастырып отырған кезеңдердің өн бойында дәстүрлі діндерді насихаттау, оны халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келгендігін байқаймыз. Діндер диалогына жол ашатын тағы бір маңызды оқиға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезі 2006 жылдың 12 қыркүйегінде басталды. Оған 43 елден 29 делегация қатысты. Ислам, христиан, буддизм, иудаизм,даосизм,синтоизм, Бейбітшілік үшін Дүниежүзілік конференциясы, Заратустра Дүниежүзілік мәдени қоры, шіркеулердің Дүниежүзілік кеңесін қамтыған халықаралық діни ұйымдар өкілдері мен әртүрлі елдердің саясаткерлері шақырылды. Атап айтқанда, Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Махатхир Мухаммад, Иранның бұрынғы президенті Мохаммад Хатами, Женевадағы БҰҰ-ның арнаулы өкілі Сергей Орджоникидзе, ЮНЕСКО-ның басшысы Коичиро Мацуура және басқалар келді. 2 съездің тақырыбы- «Қоғам, дін және халықаралық қауіпсіздік» деп аталып, наным-сенім бостандығы және басқа дін өкілдерін сыйлау,халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы діни лидерлердің ролі қарастырылды. Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезін «Егемен Қазақстан» «Қазақстан жаһандық үнқатысуға шақырады» деп газеттің ең басына үлкен әріптермен жазып, тұтас санын осы мәселеге арнаған. Газеттің бірінші бетінің өзінде съезге қатысушылардың суреттері көптеп берілген.Елбасының съезге қатысушылар мен шақырылған қонақтардың бір тобымен кездескен суреттері әртүрлі формада беріліп, олар жайлы өмірбаяндық деректермен толықтырады. Ал келесі бет өз еліміздегі дін өкілдерінің лебіздеріне арналған. Астана мен Алматы митрополиті,Қазақстан Республикасындағы Митрополия округінің басшысы Мефодийдің, Қазақстан Республикасының Бас раввині Ешая Когеннің, ҚМДБ Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жұмабай қажы Ықластың мақалалары мен суреттері берілген. Барлық дін өкілдерінің ойы еліміздегі дінаралық татулық пен келісім дүниежүзінде де салтанат құрып, діндер түсіністігі қанат жайса деген бір арнаға тоғысады. Сондықтан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезі қарсаңында Қазақстандағы конфессиялар басшыларының еліміздің азаматтарына Үндеуі де осы бетке орналасқан.Газеттің осы күнгі саны тұтас үлкен жиынға арналғандықтан Астанадағы Рим католик шіркеуінің архиепископы Томаш Пэта,ҚМДБ ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Қ.Заңқоевтың да пікірлері берілген. Тек дін адамдары ғана емес, бұл санында газет көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, философ Ж.Әбділдинмен сұхбаттасып, Мемлекеттің сыйлықтың лауреаты, жазушы Ә.Таразимен де әңгімелеседі.Заңғар тұлғалардың ірі ойлары діннің адамзат үшін қаншалықты қажет екендігін таразылайды. Үш күнге созылған съезд жұмысын газет қалт жібермей, әр санын күнделік ретінде ұсынып отырды. Съезге құттықтауларды да жариялады. Съездің фотокүнделігі тіпті әсерлі. Ақ және қара түспен анық түсірілген суреттерден әртүрлі дін өкілдерінің жүздеріндегі қуанышы анық байқалады. «Адамның ішкі дүниесі ойларға, қобалжу мен күдікке, және рухани ойларға толы. Бірақ қазір жасындай күшке ие теледидар, интернет және бұқаралық ақпарат құралдары мен осы ойларды іске асыратын саясат саласы да бар. Сондықтан, діни доктрина мен бұқаралық ақпарат құралдары және саяси іс -әрекеттер деңгейінде зорлықтан бас тарту ғана қазіргі заманғы өмірде тіршілік етуге негіз жасай алады. Бірақ соған қарамастан, осы айтылған үш деңгейде де агрессияның өсіп келе жатқаны байқалады. Өзге діннің қайраткерлері басқа бір діннің әлсіздігін талқылайтын болса, онда болашақ қақтығыстарға о бастан негіз қаланғаны. Ал БАҚ -тарда басқа діннің қасиеттісін қорлауға жол берілсе, көп кешікпей сол журналистің өзі сенетін діні де мазаққа қалатыны анық. Ал саясаткерлер дінаралық мәселелерді күшпен шешуге ойланбастан бұйрық берсе, олардың өз босағаларына соғыс өртін әкелетіні де белгілі болып отыр. Сондықтан, осы үш тағанда агрессивті тараптар болмауы тиіс. Діни қайраткерлердің ұстанымдарында агрессиялық әрекет болмауы қажет», - деді Елбасы өзінің сөзінде. Осы сөздердің айғағындай, ел газеті «Егемен Қазақстан» Астанада өткен үлкен жиынды ізгілік рухқа толы, ұлтаралық, дінаралық келісімнің үлгісін келістіріп оқырманға ұсына білді. Елбасымыздың дінаралық диалог туралы пікірлерін съезге шақырылғандар бірауыздан қолдады. ЮНЕСКО-ның бас Директоры Коичиро Мацуура өз сөзінде Қазақстандағы діни қауымдастықтар арасындағы диалогтың нығаюына бағытталған күш-жігерді атап өтті. Сонымен қатар Президентіміздің бейбітқатар өмір сүрудің моделін жасап, әртүрлі діндер адамдарының үйлесімділікпен бірге өмір сүре алатындығын әлемге танытқанын, біздің еліміздің әртүрлі дінаралық кездесулер өткізу үшін белгілі бір өріс жасағандығын айтты. Сондай ақ ЮНЕСКО-ның бас Директоры әлемдік дінбасыларының ұлтаралық жанжалдарды болдырмауға барынша үлес қосуға тиіс екендігін айтып, осы съезде айтылған мәселелерді халықаралық ұйымның ескеретіндігіне сендірді. Ал өз кезегінде сөз алған әл Әзхар жоғарғы имамы Шейх Мұхаммад Сайд Тантауи сөзін дінаралық ынтымақтастық халықтар арасындағы бірлікті жарастыруға қызмет ететіндігінен бастап, Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінен діндер туралы сөз айтылмайды, онда тек саясат туралы ғана әңгіме болатындығын да айтып өтті. Израильдің Ашкеназий бас раввині Йона Мецгер де Қазақстанға төрт рет келгенін, мұнда өзін жақсы сезінетіндігін айтты.Сондай ақ дін өкілдерінің жанжалды мәселелерді ретке келтіріп шешіп отыратын адамдар болуы керектігіне тоқталды. Дүниежүзілік Ислам лигасының бас хатшысы Шейх Абдалла Бин Әбділ Мухсин әл-Түркидің қозғаған мәселесі-дін лидерлерінің халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға ықпалы туралы болды.Ол үшін діннің қандай құбылыс екендігін түсіндірді. Дін-жеке адамдық емес, ұжымдық құбылыс.Дін адамдардың бірін-бірі қанап, жәбірлеуіне тыйым салады, сондай-ақ жаман әдеттің таратылуына рұхсат етпейді. Адамдарды өз туыстарына, жақындары мен көршілеріне сүйіспеншілікпен қарауға, әлсіздерді қорғауға үндейді-дей келе, диалог Исламда маңызды құрал ретінде кез келген проблеманы шешудің тамаша үлгісі болып табылатындығын тағы бір рет пысықтап өтті. Дін лидерлерінің сөздері өз конфессиясының ұстанатын бағытынан туындап жатты. Бүкілқытайлық буддистер қауымдастығы төрағасының орынбасары Цзямуян Лосанцзюмэй Туданьцюэцзинима Будда дінінің арасындағы қарым -қатынастарды жақсарту үшін тұжырымдама жасалғандығын, ол түрлі дін өкілдерінің, түрлі конфессиялардың бірлесе өмір сүруін білдіретіндігін жеткізіп, Қытай халқының үш нәрсені басшылыққа алатындығын атап көрсетті. Олар:адамдар арасындағы қайырымдылық,отбасылық келісім және жер бетіндегі сүйіспеншілік. Ал Константинополь православие шіркеуінің патриархы І Варфоломей де дінді күнделікті өмірдің шындығына айналдырып, оның ықпалын көпмәдениетті әлемде жеке адамдар мен халықтар арасындағы байланыстарды нығайту үшін пайдалануды ұсынды. Сонда дін халықаралық хауіпсіздік мәселелерінде жағымды фактор бола алатындығын айтты. Индология және дінаралық үнқатысуды зерттеу институтының төрағасы Шантилал Карамши Сомайя дінді күштеп таңудың кері әсерін, дін лидерлерінің ынтымақтастық рухын және бір-біріне деген құрметі болуы жайында сөз қозғап, діни үйлесімділік, діни еркіндік пен оларға деген құрмет дұрыс білім беруден басталатынын айтты. Оның мәні-тек діни кітаптарды бірлесіп оқу емес, діндердің шығу тарихын дұрыс түсіне білу,тарихты да терең талдау.Басқа да қатысушылардың ойлары бір-бірін толықтырып, дін лидерлері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірлескенде, бейбітшілікті қамтамасыз ете алады деген пікірге келді. Әлемдік діндер бір-бірімен ынтымақтастықта болып, діни құндылықтарды пайдалана отырып, тарихтағы рухани күйзелісті болдырмау үшін күресе алады. Елімізде «Адамзатқа ортақ мәселелерді көтеру арқылы дінді саясаттан ажыратып алуға болады. Сол үшін де осындай тек әзірге Қазақстанда ғана өткізіліп жатқан жиындардың атқарар рөлі зор. Бүгінде діни экстремизм, фундаментализм мәселесі қайта қоздап отыр. Әсіресе, 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейін белең алған белсенді саясатқа қатысты қоғамдық пікір оның аса ұтымды шықпағандығын көрсетеді. Сондайда дін басшылары қолымен от көсейтіндер әрекеті ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Тиісінше, соған қатысты алаңдаушылық асқынған күйінде қалуда. Ал дін иелері қазір дінді тек күрес тәсілі ғана емес, сонымен бірге қорғаныс әдісі ретінде де ұсынуда. Бұл – діннің уақыт өткен сайын тұрмыс-салт, таным-наным аясынан шығып, саясилануына апарып соқтыруда. Тиісінше, діндерді бір-біріне қарсы қою тәрізді қитұрқылықтар қайта көрініс бере бастады. Соңғы ғасырдағы діннің наным-сенім ретінде орнын жоғалтуы – дін иелерінің оқшаулануына себеп болды. Есесіне, саясаткерлер дін иелерін қолжаулыққа айналдыра бастады. Анықтай айтқанда, дін басшылары саясаткерлер ығында кетіп, солардың ғана сойылын соғуға бейім тұрады. Ал дін иелерінің нақты пайымдамалары мен пікірлері ескерілмей келе жатыр.» «...Осындай жағдайда елімізде әлемдегі дін диалогына бастайтын шараларды қолға алынуы – оған қатысқан, қатыспаған дін басшылары мен саясаткерлердің назарын өзіне айрықша аударуда. Съез барысында дінаралық диалогтың толеранттық пен өзара сыйластыққа негізделген қағидаттары қабылданып, оны қалай жүргізудің жобасы айқындалды. Оны бір дастархан төрінде бас қосқан әртүрлі дін өкілдері бірауыздан қолдады. Олар жиын соңында қабылданған ІІ съезд декларациясына да жұмылған түрде қолдау көрсетіп, игі дінаралық қатынастың маңызды екендігін танытты». «Дін деген әлемнің әртүрлі тілінде бір-ақ мағына - амандық, саулық, салауаттылық дегенді береді. Саясат тілімен айтқанда, діннің негізгі идеясы - қауіпсіздік болып табылады. Міне, осындай жағдайда өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІ съезі – халықаралық деңгейдегі біздің елдің жаңа бейнесін аша түсері хақ. Осы арқылы Қазақстан дінаралық диалогқа өзіндік үлгі ұсынып, оны халықаралық деңгейге көтере білді. Тәуелсіздікке ие болғалы ұлт пен ұлыс, дін мен жөннің арасын бітістіруде өзіндік тәжірибе жинақтаған еліміздің осы қадамы – халықаралық қауымдастық тарапынан да толықтай қолдауға ие болып отыр. Бүгінгі таңда Орталық Азия – батыстан да, шығыстан да әртүрлі діндер мен ағымдардың нысанасына ілігіп отыр. Олардың әрқайсысы мұнайлы, шұрайлы өлкедегі өз мүддесі үшін қаражатты да, күш-қуатты да аяйын деп отырған жоқ. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің айбындылығы сонда, тек рухани мұраны сақтап қалу емес, ғасырлап жинақталған рухани тәжірибе адамзатты апаттан құтқарып қалуы үшін керектігін әлемге танытуында. Съезд өркениеттер қақтығысының сөзсіз болатындығы туралы тұжырымға қарсы нақты дәлел бола алады. Әртүрлі конфессиялар өкілдері тіпті олар бір-бірімен тайталаста болғанның өзінде бір столдың басына жиналып, жанжалдарды бірігіп шешудің әлі де мүмкіндігі бар екендігінің куәсі болды. Қазақстан өркениеттер қақтығысы тұжырымдамасын сынауға жалпылама қарап отырған жоқ. Ол жанжалдардан қашудың тарихи және қазіргі үлгісін алға тартып отыр. Осыған байланысты діндер диалогына қатысушылар тарапынан біріншіден, діндер арасындағы өзгешелік күштеуді ақтау үшін пайдаланылмауы керек; Екіншіден бұл діни сенім бостандығы, үшіншіден діннен тыс лаңкестік себептері; төртіншіден өркениеттер диалогының қажеттілігі; Бесіншіден, моралдық-этикалық негізде адамдардың өзара қарым-қатынасының әмбебап тұжырымын жасау. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің айбындылығы сонда, тек рухани мұраны сақтап қалу емес, ғасырлап жинақталған рухани тәжірибе адамзатты апаттан құтқарып қалуы үшін керек. Съезде Елбасымыз осы сарайда дін лидерлері отандастарымызға жыл сайын бейбітшілік пен келісім сөзін жеткізіп тұрса -деген де өтініш айтқан еді. Ол тілек те жүзеге асып, Сарайда дін адамдарының дәрістері ұйымдастырылып тұрады. Алғашқылардың бірі болып Астана жұртшылығына сондай дәрістерді Вашингтонның экс-архиепископы, Рим католик шіркеуінің кардиналы Теодор Эдгар МакКерик, Заратуштра мәдени мұрасы Дүниежүзілік кеңесінің президенті Хоми Дхалла оқыды. Қоғамның тұрақты дамуы және барлық халықтардың әл-ауқатының жақсаруының негізгі факторлардың бірі – бейбіт конфессияаралық диалог болып табылады. 2002 жылғы күздегі Қазақстанға сапары барысында БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан соңғы жылдары жиі-жиі «өркениеттер арасындағы қақтығыс» деп аталып келген әртүрлі мемлекеттер арасындағы қатынастардағы шиеленістің орын алуын, сонымен бірге осындай қатынастардың жанжалды себептері ретінде діни сипаттағы проблемалар аталғанын ескере отырып, сондай-ақ төзімділік пен келісімнің бірегей қазақстандық тәжірибесін назарға алып отырып, біздің елді ұлтаралық тұрақтылық пен рухани төзімділіктің үлгісі деп атады. Дүниежүзінде тек Қазақстаннан ғана бастау алып отырған Әлем және дәстүрлі діндер съездері туралы күллі әлем бұқаралық ақпарат құралдары жарыса, жабыла жазды.Соның ішінде үнемі, үзбей осы тақырыпқа оралып отыратын «Егемен Қазақстанның» орны ерекше. Бүгінгі алмағайып та қым-қуыт дүниеде бей¬біт¬шілік пен ынтымақ күшейіп, дамуы үшін дін¬дер¬аралық үнқатысу мен төзімділіктің мән-маңы¬зы жоғары. Әлемдік тарихта бұрын-соңды бір үс¬тел¬дің басында мұншама дін басшыларының бас қосып, үн қатысуы, өздерін толғандырған ой¬ла¬рын ортаға салуы, бір-бірін сабырлылықпен тың¬дап, түсінісуіне біздегідей мүмкіндік тумаған екен. Астана басқосуы осындай ерекшелігімен де құнды. Ар-ождан бостандығы баспасөз бостандығынан айырғысыз. Әрбір дінге сенуші өз сенімін еркін уағыздауға және таратуға, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға мүмкіндігі бар.БАҚ дін тақырыбына байсалды қарап, фактілерді өз пікірін білдірмей, хабарлайды.Бірақ үнемі ақпарат қана емес, талдамалы мәселелер де кездеседі.Сондықтан болған оқиғаға баға берумен де айналысады. Алайда журналистің дінге көзқарасы оның жазған материалына ықпал етпеуі тиіс. Журналистік әдепке байланысты ол қашанда объективті тұрғыдан келуі керек. . Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші, екінші, үшінші құрылтайының Қазақстанда, оның ішінде Елордада өткізілуі дүниежүзі алдында мерейімізді тағы үстем етті. Соңғы екі форумның «Бейбітшілік пен келісім Сарайында» өтуі, онда әлем дін өкілдерінің бас қосып, адамзат мәселесін талқылауы Н.Ә,Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында ғана мүмкін болды. Бұл орайда президентіміздің дін халықтарды жақындастыратын ұлы күш екендігіне көз жеткізе алғандығы деп білуіміз керек. Бүкіләлемдік ірі тұлға, көрнекті мемлекет қайраткері, қадірменді Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз жүргізіп отырған ішкі-сыртқы салиқалы саясат¬тың арқасында тәуелсіз жас мемлекетіміздің ха¬лы¬қ¬аралық беделі жылдан жылға артып келеді.
Әлемдік және дәстүрлі діндердің IV съезі аясындағы дінаралық диалог алаңының ұлғаюы Расширение площадки межконфессионального диалога в рамках IV Съезда мировых и традиционных религий 13 ноября 2009 года Отель «Думан», конференц-зал «Аристократ»