2009 жылы 6-наурыздағы ел Президентінің халқына Жолдауында ұсынылған нақты шаралар аясында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайларды талықлау мен ғылыми бағалау Обсуждение и научная оценка сложившейся социально-экономической ситуации в свете конкретных мер и путей, предложенных в Послании Президента страны народу Казахстана от 6 марта 2009 года 27 октября 2009 года Евразийский Национальный Университет имени Л.Н.Гумилева экономический факультет
Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі: саяси және дипломатиялық аспектілері Председательство Казахстана в ОБСЕ в 2010 году: политический и дипломатический аспекты 10 ноября 2009 года Евразийский Национальный Университет имени Л.Н.Гумилева факультет международных отношений
Әлемдік және дәстүрлі діндердің IV съезі аясындағы дінаралық диалог алаңының ұлғаюы Расширение площадки межконфессионального диалога в рамках IV Съезда мировых и традиционных религий 13 ноября 2009 года Отель «Думан», конференц-зал «Аристократ»
Ұлы Отан Соғысының 65-жылдығы: отансүйгіштік пен азаматтық негізіндегі ұрпақтар жалғастығын ғылыми негіздеу қажеттігі 65-летие Победы в Великой Отечественной войне: научное обоснование необходимости преемственности поколений на основе патриотизма и гражданственности 19 ноября 2009 года Казахский Университет экономики, финансов и международной торговли
Жаңа астана – Астана қаласының Қазақстанның ұлттық өркендеуіндегі рөлі мен мәнін айқындау Осмысление роли и значения новой столицы – города Астаны в национальном возрождении Казахстана 18 ноября 2009 года Казахский Университет экономики, финансов и международной торговли
Н.Б.Мансұров, Қазақстан, Астана, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Әділет министрлігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» оқу-әдістемелік бөлімнің бастығы
Тәуелсіздік алғаннан бері мемлекетіміз азаматтардың діни сенім бостандығына көп көңіл бөліп, оның барлық заңдылықтарын амалға асыруды да ерекше қадағалап келеді. Қазақстан қоғамындағы этносаралық және конфессияаралық келісім мен бейбітшілік осының жарқын көрінісі. Біріншіден, дінаралық татулықты этносаралық іс-шаралармен ұштастыру өте маңызды. Құдай алдында адам баласы бір деп танылады. Ешқандай дінде бір ұлттың екінші бір ұлттан үстемдігі я басымдылығы айтылған емес. Онда бірін екіншісінен кем санап, бірі екінішісінен басым, анау ұлт мына ұлтқа қашанда өктемдік жасап, билік жүргізуі тиіс деген мәселелер қарастырылмаған. Әрбір дәстүрлі діннің мақсұты – адам баласының теңдігі, адамдық кейіпті сақтау, адамгершілік қасиеттерді ұстану. Бұл жөнінде Шәкәрім ғұлама былай келтіреді: Әлемдегі діндердің түп мақсұты Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар: Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын, Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар. Шәкәрімше әлемдік діндердің түп мақсаты – Құдайдың барлығын айту, ахіретте қияметтің ақиқат екенін паш ету. Адам баласының ар-ождан мәселесін тілге тиек етуі әлем діндерінің де басты қағидасы екенін жеткізу. Олай болса, дін білгеннің ұстанымы – адамды адам ретін сыйлау, оның көңілін қалдырмау, еңбек ақысын жемеу, жетім-жесірге қол ұшын беру, әділеттілікті ұғыну, барлық адамдардың теңдігін мойындау сияқты қағидаттарға саяды. Әртүрлі дiндердiң бір мемлекетте бейбiт қатар өмiр сүруi – дiни экстремизмнiң алдын алудың бір жолы екенін де ескерген жөн. Қазiргi дөңгеленген дүниенiң өзектi проблемаларының бiрi дін аралық қатынас. Олай дейтініміз, этникалық немесе конфессиялық келіспеушілік пен кемсiту мемлекеттiк жүйелердiң тұрақсыздығының және ондағы түрлі ұлттар мен ұлыстардың өзара шиеленiсуінiң негiзгi факторына айналып отыр. Әлемдегі орын алып жатқан ұлтаралық және дінаралық қақтығыстарды көптеп келтіруге болады. Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау қазіргі таңда кез келген мемлекеттің басты ұстанымы. Ол – бірлікті сақтап қалумен бірге елдің тыныштығын, айрандай ұйып отырған бірнеше ұлт пен ұлыстардың тілегі. Сол себепті алпауыт елдердің кіші мемлекеттерге тісін батырып, өзіне тәуелді етуді мақсат тұтуы бүгінгі әлем деңгейінде жасырын емес. Оған мысал ретінде шығыс елдері мен батыс әлеміндегі қақтығыстарды атап өтуге әбден болады. Мұндай саясаттың басты себебінің бірі де сөз етіп отырған ұлттың діни сенім бостаныдығы мен дәстүрінің арасында орын алып отыр. Сондықтан мұндай күрделі мәселелерді шешу – ел ішіндегі берке-бірлікті және дінаралық тұтастықты сақтауға тіреледі. Бұл жолда елімізде атқарылып жатқан іс-шаралар қыруар. Мемлекетіміз Қазақстанды берекелі елдің үлгісі етуге талпынып, халықаралық деңгейдегі іс-шараларды атқарып келеді. Еліміздің орталығы Астана қаласында өткен Әлемдік діндер мен дәстүрлі діндер лидерлерінің басын қосқан кезекті ІІІ сьезі осының айғағы. Оның басты қағидасы да дін лидерлерінің басын қосу. Сөз жоқ, этностар арасындағы достық пен ынтымақтастықтың басты өзегінің бірі елімізде тұрақты өткізіліп келетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің сьезі. Бүгінгі қиын-қыстау кезеңде әлемдік діндердің лидерлерін өзара келісімге шақырып, Құдайды танытып, оған ашықтықты мақсат еткен бұл сьездің Қазақстан үшін ғана емес, өзге де елдердің барлығына да осы жолда бірігуге, келісім мен татулыққа шақыруда өз ықпалын тигізуде. Екіншіден, толеранттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлу негізгі міндет. Бүгінгі әлемдік қауымдастық тәжірибесі тұрақтылықты қамтамасыз ететін толеранттық тәрбие екенін ерекше ұсынып отыр. Сол себепті Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезінде әлем халықтарының бірлігі мен конфессияаралық және этносаралық келісімі алдағы уақытта да өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болып қалатын ең құнды игі басатамалардың бірі болып қалмақ. Кез келген этностың өзіндік ұстанымы мен дәстүрі бар. Өйткені тіл, әдебиет, дәстүр, мәдениет, сенім және діни ұстанымдар қашанда ұлтпен бірге. Алайда осындай әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдерін бір мемлекеттің туының астында топтастырудың мақсаты – тек қана дін лидерлерінің бас қосуы емес, ол - өзге де мемлекеттерде барлық конфессиялар мен этностардың бір аспан астында тату-тәтті өмір сүре алатындығының қазақстандық үлгісі. Бұл әрине, оңай шаруа емес. Бүгінде елімізде тұратын барлық ұлттардың, ұлыстар мен этникалық топтардың мәдени орталықтары бар. Онда барлық ұлттар мен ұлыстардың тілі мен әдебиетін, мәдениеті мен дәстүрін, діни сенім бостандығын сақтап қана қоймай, оны одан әрі қарай дамытуға да толық жағдай жасалған. Қазақстанда өмір сүретін барлық азаматтарға өздерiнiң этномәдени мүдделерiн қорғау мен iске асыруда тең құқықылы екенін конституция арқылы кепiлдiк берiп келедi. Мұндай шаралар бір жылдың жетістігі емес, егемендік алған тәуелсіздігіміздің бірнеше жылдың жиынтығы. Алғаш ашылған азаматтық қоғам институттарының, ұлттық-мәдени орталықтардың жемісі. Ол Қазақстандағы түрлі этностар мен конфессиялардың арасындағы арақатынастардың нәтижесі. Бұл бүгінгі таңда этностар мен конфессиялардың ынтымағын қалыптастыратын Қазақстан Халқы Ассамблеясының қажырлы еңбегі. Жуырда Бельгияның Страсбург қаласында Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде «Қазақстан – Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы: Қазақтан Республикасының 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі қарсаңындағы этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өтуі көп нәрсені аңғартқандай. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясында көкей тесті екі мәселені атап көрсетті: бірі – мемлекеттік тілді дамыту, бірі – ел бірлігі. Кез келген елдің елдігі мен қадір-қасиеті оның тілі мен ұлттық рәміздерінен тұратыны айқын. Мұндағы сөздің төркіні мемле¬кеттік тіл мәселесін түрлі алып-қашпа пікірлерден арашалау. Оны белгілі бір саяси алаңға айналдырмастан оған саналы да салихалы түрде болжам жасап, мазмұнына мән беру. Қазақ тілін Қазақстанда тұратын барлық ұлттарды біріктіруші фактор ретінде қалыптастыру көзделген деп ұғыну керек. Ал ел бірлігі – ұлттық бірлікті нығайту. Ел ішіндегі тұрақтылықты қамтамасыз етіп, қауіпсіздікті сақтау. «Береке басы – бірлік», - дейді қазақ. Олай болса, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің де туы биік болары қақ. Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе осы екі шараның ойдағыдай іске асуы Қазақ елі тұрақтылығының ең ұзақ мерзімді әрі сенімді кепілі бола алады деп білеміз.
Әлемдік және дәстүрлі діндердің IV съезі аясындағы дінаралық диалог алаңының ұлғаюы Расширение площадки межконфессионального диалога в рамках IV Съезда мировых и традиционных религий 13 ноября 2009 года Отель «Думан», конференц-зал «Аристократ»