«Алматы –студенттер қаласы» атты
Шығармашылық байқаудың Ережесі
Ұйымдастырушылар:
Алматы қалалық Жастар саясаты жөніндегі Басқарма,
Қазақстан Жастарының МедиаОдағы
Байқауға қатысу үшін Алматы қаласының Жоғарғы Оқу Орындар, колледждер студенттері, сонымен қатар дизайнер, суретші, web-дизайнер, журналисттер, жарнама жөніндегі және қоғаммен тығыз қарым - қатынаста жұмыс жасайтын мамандар, әлеуметтік жарнамалар саласындағы еркін суретшілер шақырылады.
Байқаудың мақсаты: Алматы жастарының туған қаласына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, әлеуметтік мәселелерге көңіл аударту, кәсібилік шығармашылықты біріктірген тың туындылармен, шығармашылық тәжірибиемен алмасу, жарнама саласындағы мамандармен еліміздің, туған қаланың болашағы жөнінде ашық диалог құру, жаңа ақпараттық технологияларды игеру; Қазақстанды бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде және Алматы қаласын ірі студенттер орталығы, Еуразияның қаржылық және мәдениет орталығы ретінде көрсету.
Жанрлар:
Теледидар
Радио
Фотосурет
Сыртқы жарнама
PR-акциялар
Тақырыптық бағыттар:
- Жастар салауатты өмір салты үшін
- Алматы – сүйікті қалам
- Алматы – студенттер қаласы
- Мегаполистегі жастар
Өткізу мерізімі:
Байқауды хабарлау - 2009 жыл 7 қыркүйек
Өтініштерді қабылдау – 2009 жыл 7 қыркүйек – 1 қараша
Іріктеу комиссиясының жұмысы, ұсынылған материалдарды қарау – 2009 жыл 2 – 10 қараша.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі – 2009 жыл 13 қараша
Іріктеу айналымына қатысушы өз өтінішін ұйымдастыру алқасының мына мекен – жайына жолдауына немесе on-line арқылы www.zhastar.com тіркелуіне болады, сонымен қатар пошта арқылы және аудиокассеталар, CD, miniDV, DVD, VHS форматтағы бейнекассеталар, 15х20 см өлшемінен кем емес фото жұмыстар жеке қолға тапсыру немесе электронды тасмалдағыш арқылы қабылданады. Байқаудың «web-сайты» номинациясына қатысушылар Бүкіләлемдік Желідегі ( Интернет) мекен – жайын көрсетуі керек.
Өтініштер мен материалдар пошта арқылы немесе электронды мекен – жайға жіберуге, жеке тапсыру арқылы жүзеге асырылады. Материалсыз өтініштер қаралмайды. Өтініштерді қабылдау 2009 жыл 1 қараша сағат 18:00 (Алматы уақытымен) аяқталады.
Байқауды өткізу тілі: қазақ тілі, орыс тілі.
Байқауға қатысу жөнінде әрбір қатысушыға жеке хабарланады.
«Ең үздік» - деп танылған жұмыстар ұйымдастыру алқасы арқылы эфирде және Алматы қаласының сыртқы жарнамасына орналастырылады.
Байқауға қатысушылардың барлығы дипломмен марапатталады.
Ұйымдастыру алқасының мекен- жайы:
050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4
www.zhastar.com, e-mail: valeriya.mamonova@gmail.com , телефон/факс: +7 7272 982726, 8 7771714774.
Жұмыстар мына мекен – жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Желтоксан көшесі, 137, Шевченко көшесінің қиылысы.
«Алматы – студенттер қаласы » әлеуметтік жарнама байқауына қатысушыларды тіркеу формасы
Алматы қаласы
Толтырылған тіркеу формасын 2009 жылдың 1 қарашасына дейін
valeriya.mamonova@gmail.comжіберуіңізге болады.
Аты - жөні, тегі
Туған жылы, айы - күні
Жұмыс орны немесе
оқу орны
Қызметі
Ұсынылған жобаның тақырыбы
Кәсібилік жетістіктері ( байқаулар, мадақтаулар)
Жұмыс немесе үйінің мекен - жайы
БАҚ толық пошталық мекен - жайы
Телефон, факс
e-mail, жеке Интернет- парағы
Құрметпен,
«Алматы – студенттер қаласы» әлеуметтік жарнама байқауының
ұйымдастырушылары