2010 жылдың 1-наурызы мен 5-сәуірі аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ғимаратында (Панфилов көшесі, 127) V «DIDAR» Республикалық жастар кинофестивалінің Іріктеу комиссиясы фестивальге қатысуға ниет білдірген жұмыстарды қабылдауды жүргізді. Биылғы Іріктеу комиссиясының құрамында Қазақстан Кинематографистер Одағының мүшесі, киносыншы, «DIDAR» Республикалық жастар кинофестивалінің ART-директоры, Іріктеу комиссиясының төрайымы – Нәзира Мұқышева, Дөңгелек үстел үйлестірушісі – Баубек Нөгербек, Көрсетілім режиссері, кинотанушы, мастер-класс үйлестірушісі – Мұрат Нұрмағамбетов болды. Кинофестивалдің іріктеу кезеңінен кейінгі негізгі бөлімін сәуір айының 16-17 күндері Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасы мен «DIDAR» Продюсерлік орталығы» Қоғамдық қоры, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының қатысуымен Орталық демалыс саябағындағы «Родина» кинотеатрында «Жаңа онжылдық - Қазақстан жастарының жаңаша серпілісі!» ұранымен VII қысқы Азия ойындарын насихаттау аясында және Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық ету құрметіне орай «DIDAR» V Республикалық жастар кинофестивалін өткізді. Бесінші рет өткізілген кинофестивальдің басты мақсаты – туған елін құрметтеуге шақыратын және өз елінің мәдениетін терең насихаттау барысында жұмыс атқаратын дарынды жастарды табу, қоғамның алғыр да қабілетті қауымы – студенттердің таланттарын шыңдауға рух беріп, жігерлендіру! Бүгінде идеологияның басты құралының бірі – киноөндірісі арқылы ұлттық өнердің тұңғиығынан Отаншылдық бағыттағы, сондай-ақ көрерменннің қызығушылығын арттырып, рух беретін жұмыстарды жарыққа шығару. Бір айта кететіні, кинофестиваль бүкіл ел бойынша, киногерлер арасында кең көлемде қоғамдық нәтижеге ие болды. Биылғы жылы қатысушылардың құрамында Алматы қаласынан басқа Қазақстанның өзге де аймақтарынан: Астана, Семей, Шымкент, Қызылорда т.б. қалалардың өкілдері болды. Кинофестивальға Студенттер мен Шығармашылық ұжымдардың жастары ұсынған көркемсуретті, деректі, музыкалық клип және анимациялық жанрдағы 146 жұмыс қабылданып, Іріктеу комиссиясы олардың 86-ын кинофестиваль аясында көрсетуге, ал, оның 60-на байқауға қатысуға жолдама берді. Кинофестивальдің негізгі бастамасы 14-сәуір күні «Интерфакс-Қазақстан» ақпарат агенттігінің Баспасөз клубында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, киносыншы, профессор, Қазылар алқасының төрағасы – Бауыржан Нөгербек, «DIDAR» кинофестивалінің ART- директоры, Іріктеу комиссиясының төрайымы – Нәзира Мұқышева, «DIDAR» кинофестивалінің директоры, жоба авторы – Дәурен Мұхамеджанов, Қазылар алқасының мүшесі, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ҰК АҚ Бас редакторы, ҚР мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, жазушы, драматург – Дидар Амантай, «Қазақстан» РТРК аймақтық бөлім бастығы, режиссер, сценарист, композитор – Оралбек Сарыбасов, "DIDAR-2009” ІV Республикалық жастар кинофестивалінің Бас Жүлде иегері, режиссер - Әділхан Ержановтың қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында биылғы әлемдік дағдарысқа қарамастан жастардың қазақ киноөндірісін дамытуға деген құлшынысын, оның болашағын, ұлтымызды бүкіл әлемге танытатын, ұлттық нақыштағы киноәлемін дамыту, бүгінгі таңдағы жас киногерлерді қолдау және т.б саладағы сұрақтар көтерілді. Аталмыш іс-шараның ресми қолдаушылары: ҚР Мәдениет министрлігі, ҚР Ақпарат және байланыс министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ; серіктестері: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, «ҚаламгерТЕН» ЖШС, «Алматықалабезендіру» АҚ, «Алматы көркем» жарнама агенттігі, Қазақстан Кинематографистер Одағы, «Отаншылдық» ҚҰ, «Алмалы жастары» ҚБ; Бас ақпараттық серіктестері: «Қазақстан РТРК» АҚ, «Хабар», «Еларна» телеарналары мен «Алматы» телеарнасы, «Қазақ», «Хабар» радиолары; «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы», «Айқын», «Литер», «Жас қазақ», «Түркістан», «Караван», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Жұлдыздар отбасы», «Stars.KZ», «WOW» баспа шығарылымдары және www.zhastar.com, www.didar-com.kz сайттары. «DIDAR» V Республикалық жастар кинофестивалі «Родина» кинотеатрының Қызыл залында «Қара жорға» қазақтың ұлттық биімен басталып, Ұйымдастыру алқасының төрағасы – Бақтияр Мәкен, Қазылар алқасының төрағасы - Бауыржан Нөгербек, Кинофестиваль директоры, жоба авторы – Дәурен Мұхамеджанов, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының проректоры - Құдайберген Болатбаев салтанатты түрде лента қию рәсімімен ашты. Фестиваль салтанатты түрде ашылғаннан соң кинотеатрдың екі залында көрсетілімдермен жалғасты. Биылғы кинофестивальдің байқау жұмыстарын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, киносыншы, профессор - Бауыржан Нөгербек мырзаның төрағалығымен Қазылар алқасы саралады, алқа құрамында: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ҰК АҚ Бас редакторы, ҚР мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, жазушы, драматург – Дидар Амантай, «Қазақстан» РТРК аймақтық бөлім бастығы, режиссер, сценарист, композитор – Оралбек Сарыбасов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, сценарист, режиссер, ақын, Махамбет ат. Мемлекеттік сыйлықтың иегері – Бақыт Қайырбеков, "DIDAR-2009” ІV Республикалық жастар кинофестивалінің Бас Жүлде иегері, режиссер - Әділхан Ержанов болды. Кинотеатрдың Қызыл залында байқау бағдарламасындағы жұмыстар қазылар алқасының сарабына түссе, Көк залында байқаудан тыс, ақпараттық жұмыстардың көрсетілімі өтті. Кинофестивальдің алғашқы күні көрсетілім барысында кинотеатрдың Көк залында режиссер Әнуар Райбаев жастар мен қонақтарға өзінің шеберлігі туралы баяндап, кино саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Фестивальдің келесі күнінде көрсетілімдер аясында кинотеатрдың Көк залында «Қазақстандық жастар киносы: әлемдік кинонарықта алатын орны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел өту барында режисерлер жас киногерлермен өз туындыларының бастамаларымен, тәжірибелерімен бөлісті. Аталмыш кинофестивальдің салтанатты жабылу рәсімі 17 сәуір күні сағ.18:00-де кинотеатрдың Қызыл залында өтті. Кино көрсетілім аяқталғаннан кейін Мақпал Диқанбаева, «Сұңқар» тобы және Еділ Оразбаев сынды жас эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерт, кинофестиваль жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне ұласты. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі кинофестиваль директоры, жоба авторы Дәурен Мақсұтханұлы Мұхамеджановтың іс-шараны ұйымдастыруға, әрі өткізуге ат салысып жүрген адамдарға алғыс хат тапсырудан басталды. Аталмыш алғыс хаттарға қазылар алқасының төрағасы – Бауыржан Нөгербек, Іріктеу комиссиясының төрайымы – Назира Рахманқызы Мұқышева және кинофестивальді бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттауда белсенді ат салысқаны үшін «Түркістан» газетінің тілшісі Гүлзина Бектасова ие болды. Сонымен қатар Бауыржан Нөгербек пен Назира Рахманқызына ұялы телефондар сыйға тартылды. Қазылар алқасы мүшелерінің ұйғарымы бойынша, «DIDAR» V Республикалық жастар кинофестивалінің жеңімпаздары келесі ретте анықталды: • Бас жүлде – Жасұлан Пошанов, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, «Алматы-Шымкент» фильмі үшін, (Сертификат, «Дидар-2010» Бас жүлде мүсіншесі, заттай сыйлық – бейнекамера, «7 Қысқы Азия ойындары» Дирекциясының арнайы сыйлықтары бар пакет жинағы). Сонымен қатар «Қаламгер ТЕН» ЖШС директоры Ізгілік Нағиев жеңімпазға интернеттен жеке сайтын ашып беретін болды. • «Үздік көркем фильм»: Студенттер байқауы – Серік Әбішев, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, «Май» фильмі үшін, (Сертификат, «Дидар-2010» мүсіншесі, заттай сыйлық – үй кинотеатры, «7 Қысқы Азия ойындары» Дирекциясының арнайы сыйлықтары бар пакет жинағы). Жеңімпазды қазылар алқасының төрағасы Бауыржан Нөгербек марапаттады. Шығармашылық ұжымдар байқауы – Талғат Бектұрсынов, Алматы қаласы, «Странник» жұмысы үшін, (Сертификат, «Дидар-2010» мүсіншесі, заттай сыйлық – үй кинотеатры, «7 Қысқы Азия ойындары» Дирекциясының арнайы сыйлықтары бар пакет жинағы). «Үздік көркем фильм» байқауынан жеңімпаз атанған шығармашылық ұжымды «Қаламгер ТЕН» ЖШС директоры Ізгілік Нағиев мырза марапаттап, аталған ұжымға интернеттен жеке сайт ашып беруге уәде берді. • «Үздік деректі фильм»: Студенттер байқауы – Ербол Бораншы, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, «Ақ кептер» жұмысы үшін, (Сертификат, «Дидар-2010» мүсіншесі, заттай сыйлық – үй кинотеатры, «7 Қысқы Азия ойындары» Дирекциясының арнайы сыйлықтары бар пакет жинағы); Шығармашылық ұжымдар байқауы – Елена Ковардакова, «Сириус» студиясы, «Паритизаны» жұмысы үшін (Сертификат, «Дидар-2010» мүсіншесі, заттай сыйлық – үй кинотеатры, «7 Қысқы Азия ойындары» Дирекциясының арнайы сыйлықтары бар пакет жинағы); Аталған номинация жеңімпаздарын қазылар алқасының мүшесі Бақыт Қайырбеков марапаттады. • «Үздік анимациялық фильм» Студенттер байқауы – Тілек Төлеуғазыұлы, Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА, «Нүктелер» жұмысы үшін (Сертификат, «Дидар-2010» мүсіншесі, заттай сыйлық – үй кинотеатры, «7 Қысқы Азия ойындары» Дирекциясының арнайы сыйлықтары бар пакет жинағы); Студенттер байқауы – Элина Шарамкова, Қаз БСҚА, «Человек в культуре мегаполиса» жұмысы үшін (Сертификат, «Дидар-2010» мүсіншесі, заттай сыйлық – үй кинотеатры, «7 Қысқы Азия ойындары» Дирекциясының арнайы сыйлықтары бар пакет жинағы); Осы номинация жеңімпаздарын қазылар алқасының мүшесі Дидар Амантай марапаттады. • «Үздік музыкалық клип» Шығармашылық ұжымдар байқауы – Береке Жүнісов, киностудия «Сақ», «Әліппе» жұмысы үшін (Сертификат, «Дидар-2010» мүсіншесі, заттай сыйлық – музыкалық орталық, «7 Қысқы Азия ойындары» Дирекциясының арнайы сыйлықтары бар пакет жинағы); Шығармашылық ұжымдар байқауы – «Азия» тобы, Алматы, «Махаббат аралы» жұмысы үшін (Сертификат, «Дидар-2010» мүсіншесі, заттай сыйлық – музыкалық орталық, «7 Қысқы Азия ойындары» Дирекциясының арнайы сыйлықтары бар пакет жинағы); Аталған номинация бойынша жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшесі Оралбек Сарыбасов марапаттады. • «Үздік сценарий» – Азамат Алтыбасов, ҚазҰӨА, «Пре5и» жұмысы үшін (Диплом, «Дидар-2010» мүсіншесі, заттай сыйлық – DVD-ойнатқыш, «7 Қысқы Азия ойындары» Дирекциясының арнайы сыйлықтары бар пакет жинағы). Жеңімпазды іріктеу комиссиясының төрайымы Мұқышева Назира марапаттады. • «Үздік режиссерлық жұмыс» – Олжас Исаев, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, «Трасса 09» фильмі үшін, (Диплом, «Дидар-2010» мүсіншесі, заттай сыйлық – DVD-ойнатқыш, «7 Қысқы Азия ойындары» Дирекциясының арнайы сыйлықтары бар пакет жинағы). Жеңімпазды қазылар алқасының мүшесі Әділхан Ержанов марапаттады. • «Үздік операторлық жұмыс» – Еркінбек Птыралиев, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, «Ұлу» фильмі үшін, (Диплом, «Дидар-2010» мүсіншесі, заттай сыйлық – DVD-ойнатқыш, «7 Қысқы Азия ойындары» Дирекциясының арнайы сыйлықтары бар пакет жинағы). Жеңімпазды қазылар алқасының мүшесі Әділхан Ержанов марапаттады. • «Ұлттық нақыштағы үздік жұмыс» – Серік Ыбырайым, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, «Сақа» жұмысы үшін, (Диплом, «Дидар-2010» мүсіншесі, заттай сыйлық – DVD-ойнатқыш, «7 Қысқы Азия ойындары» Дирекциясының арнайы сыйлықтары бар пакет жинағы). Аталмыш номинация жеңімпазын «Әдемі-ай plus» компаниясының президенті Баһаргүл Төлегенқызы марапаттады. • «Спорт тақырыбындағы үздік жұмыс» - Әмір Тұрсынбаев, КТТЭА, «Человек, который мечтал обогнать трамвай» жұмысы үшін (Диплом, «Дидар-2010» мүсіншесі, заттай сыйлық – DVD-ойнатқыш, «7 Қысқы Азия ойындары» Дирекциясының арнайы сыйлықтары бар пакет жинағы). Осы номинациядағы жеңімпазды «7 қысқы Азия ойындары» Алматы қалалық Дирекциясының директоры Сұлтанмахмұт Шоқпытов мырза марапаттады. • «Үздік ер адам рөлі» – Нышанбек Жұбанаев, Қаз ҰӨА, «Трасса 09» жұмысы (Диплом, «Дидар-2010» мүсіншесі, заттай сыйлық – DVD-ойнатқыш, «7 Қысқы Азия ойындары» Дирекциясының арнайы сыйлықтары бар пакет жинағы); • «Үздік әйел адам рөлі» – Султана Миллер, КТТЭА, «Любовь по ошибке... или почему я люблю индийские фильмы» жұмысы (Диплом, «Дидар-2010» мүсіншесі, заттай сыйлық – DVD-ойнатқыш, «7 Қысқы Азия ойындары» Дирекциясының арнайы сыйлықтары бар пакет жинағы); «Үздік ер адам рөлі», «Үздік әйел адам рөлі» номинация жеңімпаздарын «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ жанындағы «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің төрағасы Айдар Қырықпай марапаттады. • Кинофестивальдің үздік насихатшысы (БАҚ) – Республикалық «Түркістан» газетінің тілшісі Гүлзина Бектасова (Диплом, «Дидар-2010» мүсіншесі, заттай сыйлық – VC-5915 SN= Samsung шаңсорғышы, «7 Қысқы Азия ойындары» Дирекциясының арнайы сыйлықтары бар пакет жинағы). Сонымен қатар арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды: «DIDAR-2010» мүсіншесі, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА арнайы жүлдесі, көркем картина мен арнайы дипломын Академияның проректоры Құдайберген Болатбаев - «Із» жұмысы үшін Л. Гумилев атындағы ҰЕУ студенті Қайырғали Қайсарға; «Қазақфильм» акционерлік қоғамының арнайы жүлдесі ақшалай (70 мың теңге) сыйлығы және арнайы сертификатын «Қазақфильм» АҚ ҰК бас редакторы Дидар Амантай - Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенті Ербол Бораншыға табыстады. «DIDAR» V Республикалық жастар кинофестивалін «Қазақстан», «Хабар», «Астана», «Алматы», «Таң» телеарналары, «Айқын», «Литер», «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы», «Егемен Қазақстан», «Түркістан», «Жас қазақ», «Караван», «Жұлдыздар отбасы», «Stars.KZ», «WOW», «Молодые и дерзкие», «Экспресс К», «Новое поколение», «Қазақстан Заман» баспа шығарылымдары мен «Қазақпарат» ақпарат агенттігі өкілдері кеңінен насихаттады.
|