Вторник, 03.11.2026, 16:48

Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Конкурсные материалы [24]
Материалы журналистов, присланные на конкурс.
СМИ Астаны [8]
Конкурс "Журналистские истории" [12]
Книжная лавка [4]
Конкурс "Нравственный выбор" [24]
Конкурс журналистов 1 [4]
Республиканский конкурс журналистов по освещению проблем развития гражданского общества
Конкурс журналистов 2 [4]
Республиканский конкурс журналистов по освещению проблем развития гражданского мира и межнационального согласия
Конференции в Астане [37]
ноябрь-декабрь 2009
По страницам газеты "Ленинская смена" [2]
По страницам газет [14]
Великая Отечественная [1]
Наш опрос
Что бы вы хотели видеть на нашем сайте?
Всего ответов: 207
Наши коллеги
Портал "Яблоко"
  • Коллеги - педагогический -интернет-журнал Казахстана

  • Театр.kz

  • Сайт детских домов Казахстана

  • История комсомола Казахстана (история и современность)

  • Академия сказочных наук

  • Главная » Статьи » Конкурсные материалы

    Оспаналиев Айдар Болатұлы

    «ҚазАқпарат» ұлттық компаниясының тілшісімін

     1978 жылы Жамбыл Облысының Меркі ауданыныда туып, сонда өстім. 1996 – 2000  жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің  журналистика факультетінде білім алғасын алғашқы еңбек жолымды Ішкі  істер министрлігіне қарасты «Сақшы -На страже» басылымында аудармашылық қызметтен бастадым. Бұдан кейінгі жылдары Жамбыл облысының Меркі ауданындағы  «Меркі тынысы» басылымының әдеби қызметкері, Меркі ауданы әкімі аппаратының Ішкі саясат бөлімі мен  Ұйымдастыру және кадр бөлімінде бас маман қызметін атқардым.

    2005  жылдың күзінен бері «ҚазАқпарат» ұлттық компаниясының тілшісімін.

      11.10.2007 / 15:26

    Үкіметтік емес ұйымдар «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» қызмет еткен жағдайда ғана жемісті нәтижелерге қол жеткізеді – А.Соловьева

    АСТАНА. Қазанның 11-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Азаматтық қоғам қалыптастыру демократиялық бағытты ұстанып отырған мемлекет үшін маңызды мәселе. Қазан айының 17-сі мен 18-і аралығында өткізілуі жоспарланып отырған III Азаматтық форум осы мақсаттағы, яғни елімізде азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған іргелі шаралардың бірі. Осыған орай біз аталмыш форум барысында атқарылатын шаралар мен оның мақсат-міндеттерін білу үшін «ҚазАқпарат қонағы» айдарына «Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, бүгінде Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьеваны шақырған едік.

    - Сонымен, III Азаматтық форумның өткізілуіне санаулы күндер қалды. Дайындық барысы қалай ?

    - Қазіргі таңда үкіметтік емес сектор қоғам өміріндегі мәселелерге белсенді араласа алатын жағдайда. Ол тіпті қазір осы мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдауға да әзір. Өздеріңізге белгілі елімізде осыған дейін өткізілген I және II Азаматтық форумдар барысында азаматтардың мұң-мұқтаждарын билікке жеткізу үшін үкіметтік емес ұйымдар мен Үкіметтің арасында қарым-қатынас қалай болуы қажет деген мәселе талқыланған еді. Ал бұл жолғы жиында аталмыш мәселелер сапалы әрі жаңа деңгейде көрініс табады. Бұрынғы форумдарда ұйымдастыру комитеті Үкімет өкілдерінен құрылған болса, бұл жолғы комитетті біз өзіміз құрып, қаңтар айынан бастап осы шараға дайындалудамыз. Жалпы бұл форумның осыған дейінгілерінен айырмашылығы не деген мәселе төңірегінде сөз қозғайтын болсақ, біріншіден біз билікпен тілдесу барысында «халық билік үшін емес – билік халық үшін» деген мәселені көтермекпіз.
    Біз бұл орайда үкіметтік емес сектордың басты құжаттарының бірі болып табылатын азаматтық қоғамды дамыту Тұжырымдамасын негізге алып отырмыз. Қазір оның Үкімет басшысы бекітіп, қол қойған арнайы іс-шаралар жоспары да бар. Енді еліміздегі министрліктер осы Тұжырымдаманың талаптарының жүзеге асырылуы жөнінде ұдайы есеп беріп тұратын болады. Екінші мәселе, форумда ұйымдастырылатын пікірталасқа қатысты болып отыр. Мұнда тек жекелеген көзқарастағы сұрақтар емес, біз қайда барамыз, соңғы өткізілген 2 форумнан кейін біз қандай жетістіктерге қол жеткіздік, алға нендей міндеттер қойып отырмыз, деген жалпы стратегиялық бағыттағы мәселелер қозғалады. Сонымен қатар пікірталас алаңы 7 топқа бөлініп, онда әлеуметтік тапсырыс, адам құқықтары, корпоративтік, әлеуметтік жауапкершілік, әлеуметтік маркетинг пен аудит сияқты өзге де көптеген мәселелер талқыға салынабақ. Үшінші мәселе - форумда пленарлық мәжіліс өтеді. Жиынға қатысушылар онда форум барысында айтылған ұсыныс-пікірлерді сарапқа салады. Сонымен қатар онда көрме ұйымдастырылады. Әдетте бұл көрмені әр облыс өзінше ұйымдастыратын болса, бұл жолы ол 5 бағытқа негізделіп отыр.
    Оның біріншісі - үкіметтік емес сектор қандай жетістіктерге жетті, деген мәселені қамтыса, екіншісі - осы жетістіктерді біз қандай инновациялармен байыта аламыз деген мәселе төңірегінде болмақ. Үшіншісі - халықаралық ұйымдардың жұмысына, төртіншісі - бизнестің әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу мақсатында атқарып жатқан шараларына байланысты болса, бесіншісі - үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты бейнефильмдер көрсетілмек. Бұған қоса біз 15 аталым бойынша «Таным» деген атпен конкурс ұйымдастыратын боламыз. Олардың арасында үкіметтік емес ұйымдармен жұмыста ең үздік деп танылған 2 мемлекеттік ұйымның жұмысы бағаланады. Екіншісі, бизнестің халық игілігі үшін жүзеге асырған әлеуметтік жобаларына қатысты болмақ. Үшіншісінде, біз түрлі сала бойынша қызмет етіп отырған 11 үкіметтік емес ұйымның жұмысын бағалаймыз. Менің ойымша бұл өте қызықты шара болады. Біз оған арнайы сыйлықтар да тағайындап отырмыз. Өйткені үкіметтік емес ұйым өкілдері «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып» бірлесіп қызмет еткен жағдайда жемісті нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын түсінулері тиіс. Міне III Азаматтық форумды ұйымдастыруға қатысты біздің жоспарларымыз осындай.

    - Жалпы Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар саны қанша. Астанада ұйымдастырылғалы отырған форумға олардың қаншасы атсалыспақ.

    - Жалпы статистика бойынша олардың саны 10 мыңға жетіп-жығылады. Ал нақты жұмыс істеп отырғандарының саны 3000-ның көлемінде. Олардың бағыттары да әртүрлі. Біреулері мүмкіндігі шектеулі жандардың мұңын мұңдаса, ендігілері ардагерлер мен зейнеткерлердің, тұтынушылардың жоғын жоқтайды. Сондай-ақ азаматтық қоғамды қалыптастырып, жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізуді және нашақорлармен күресті қолға алып отырған ұйымдар да бар. Ал біздің «Азаматтық альянсқа» қазіргі таңда Қазақстанның барлық аймақтарынан 500-ге жуық үкіметтік емес ұйымдар кіріп отыр. Бұлардың көбі үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен қимылдарының нәтижесінде ғана олардың үлкен күшке айналып, нәтижелі жұмыстар атқаруға болатындығын түсінетіндер. Ал өзгелері «ортақ өгізден гөрі, оңаша бұзауды» артық көреді. Олардың біреулері мемлекеттен, ендігілері халықаралық ұйымдардан және бизнестен гранттар алып өз алдына жұмыс істеуде. Жалпы біз үкіметтік емес ұйымдардың барлығының басын біріктіру қажет деген саясат ұстанбаймыз. Әркімнің өз таңдауын жасауға құқы бар. Форум жұмысына келетін болсақ, оған еліміздің барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 450 делегат қатысады. Олардың арасындағы ең аз делегация 10 адамды ал ең көбі 25 адамды құрайды. Делегация құрамының саны олардың еліміздің қай аймағынан келетіндігіне байланысты белгіленді. Форумға сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен Үкіметтің өкілдері және депутаттар шақырылды.

    - Сөз арасында еліміздегі 10 мыңға жуық үкіметтік емес ұйымдардың тек 500-ге жуығы бірлесіп қызмет ететіндігін айтып қалдыңыз. Осы орайда өз алдына жеке қызмет атқарып отырған ұйымдар туралы не айтар едіңіз.

    - Мен оларға егер біз мықты азаматтық қоғам құрғымыз келсе, бізге бірлесіп жұмыс істеу керек дер едім. Өйткені бізге өзіміз көтеріп жүрген мәселелер бойынша ортақ шешімге келіп, содан соң барып қана оны Үкіметтің алдына ұсыну қажет. Сонда ғана олар бізге мойын бұрады. «Жалғыздың шаңы шықпас» демекші, әркім өзінің тірлігін өзінше күйттейтін болса, оған ешкім де көңіл аудармайды. Ал ортақ шешімге біз келе аламыз деген ойдамын. Өйткені барлық үкіметтік емес ұйымдардың қозғайтыны бір мәселе. Ол халықтың қамы.

    - Форумға бөлінген қаржы көлемі қомақты болар.

    - Форум жұмысына Үкіметтен бөлінген қаржы көлемі 8-9 миллион теңгенің көлемінде. Бұл бағыттағы жұмыстарға жергілікті әкімшіліктер атсалысып отыр. Форумға келетін делегаттардың жол шығыны мен өзге де қажеттіліктерін осы әкімшіліктер қамтамасыз етіп отыр. Өз кезегінде үкіметтік емес сектор ретінде аталмыш шараға біз де өзіміздің үлесімізді қосып отырмыз. Өйткені форум барысындағы конкурстар мен көрмелерді өзіміз ұйымдастырамыз.

    - Осыған дейінгі ұйымдастырылған екі форум үкіметтік емес секторды дамытуға қаншалықты ықпал етті.

    - Бірінші форумға келетін болсақ, онда біз үкіметтік емес ұйымдар бар және олар жұмыс істеуде деген мәселені көрсетуге тырыстық. Сонымен қатар біз бірінші рет «Үкімет - үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп қызмет етуі» тиіс деп ұранды алға тарттық. Ал екінші форумда үкіметтік емес секторды дамыту үшін қандай шараларды атқару қажет екендігін айқындадық. Нәтижесінде елімізде «Әлеуметтік тапсырыстар туралы» заң мен Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы және қоғамдық сарапшылар палатасы мен қоғамдық кеңестер пайда болды. Жаңа бастаманың әр уақытта да ойдағыдай бола бермейтіні заңдылық. Сондықтан қазір біз осыған дейінгі шаралар барысында жіберген кемшіліктерімізді анықтап, білгіміз келеді. Мүмкін билік бізге жеткілікті деңгейде көңіл бөлмеген болар. Осының бәрін түйсініп, ой елегінен өткізген соң ғана болашақтағы әрекеттеріміздің жоспарын жасамақпыз.

    - Үкіметтік емес ұйымдардың рөлін арттыруда қандай шаралар атқарылуда. Оған мемлекет қолдау көрсетіп отыр ма.

    - Мен бұл орайда біздің жұмысымызға өкілетті орган ретінде Мәдениет және ақпарат министрлігін және Білім және ғылым министрлігі мен Қоршаған ортаны қорғау ведомствосының ғана қолдау көрсетіп отырғандығын айтар едім. Өзгелері мәселенің мән-жайын түсіне бермейді. Бізге олардың мұны түсінгені маңызды. Өзіңіз ойлап қараңызшы, кабинетінде отырған шенеунік күні бойы күйбеңдеп, ағымдағы жұмыстармен бас қатырады да отырады. Ал осы жұмыстардың бір бөлігін ол үкіметтік емес ұйымдарға жүктейтін болса, оған әлдеқайда жеңіл болар еді. Біз болсақ өзімізге жүктелген міндетті әлдеқайда сапалы әрі тиімді жүзеге асырар едік. Бір жағынан министрліктер атқарылатын шараға жұмсалатын шығынды да үнемдейтін еді. Мемлекеттік органдар қазір, тұрғындармен кездесу, жастардың компьютерлік сауатын ашу, бас бостандығынан айыру орындағылардың проблемасы, әскери тәртіпті бұзу, мүгедектер мәселесі сияқты түрлі салаларда болып жатқан проблемалардың бәрімен айналысады. Ал бұл мәселелерді үкіметтік емес сектор шеше алатын еді. Бұл шаралармен сонымен қатар саяси партиялар мен баспасөз өкілдері де айналысулары керек. Өйткені олар да азаматтық қоғамның өкілдері. Бұл өте ауқымды сала. Сондықтан бізге бірлескен түрде жұмыс істеу керек. Бұл орайда ең бастысы бір-біріміздің қызметімізді қайталамай, әркім өзінің міндетін білсе болғаны.

    - Сізді біз бұрын «Қазақстанның Азаматтық альянсының» басшысы ретінде танитынбыз. Қазір Мәжіліс депутаты қызметін атқарудасыз. Жаңа қызметіңіз азаматтық қоғамды дамыту шараларына қалайда ықпал ете алады ма?

    - Ықпал ететініне мен сенімдімін. Өйткені қазір маған үкіметтік емес ұйым өкілдері келіп, түрлі мәселелерді қозғап жатады. Ал депутат ретінде менің осы мәселелерді заң жобаларын талқылау кезінде қозғауға үлкен мүмкіндігім бар. Менің ұсыныстарымның ескеріліп-ескерілмеуі бір мәселе, ең бастысы бұл проблемалардан Үкімет хабардар болып отырады. Менің бұл қызметке келгендегі мақсатымның өзі осы.

    - Болашақ жоспарларыңыз жөнінде айтып өтсеңіз

    - Қазіргі таңда біз бір базар жағалап сауда жасап жүрген әйелдердің және оралмандардың проблемаларымен сондай-ақ корпоративті әлеуметтік жауапкершілік мәселелерімен айналысудамыз. Ең бастысы біз мемлекеттік бағдарламаларды бағалаудың индикаторлары мен коэффициенттерін әзірлеудеміз. Бізде «Ауыл», «Ауыз су» сияқты көптеген бағдарламалар болғанын білесіздер. Қазіргі таңда олардың қалай жүзеге асырылғанын ешкім де дөп басып айтып бере алмайды. Ал ауылға бара қалсаңыз, тұрғындар осы мәселелерді көлденең тартады. Біздің сөз етіп отырған индикаторлар мен коэффициенттеріміз осы мәселелерді қамтиды, яғни біз аталған бағдарламалардың игілігін халық көріп отыр ма, деген мәселені нақты мәліметтерге жүгіне отырып көтермекпіз.

    - Биыл «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылданғанына 10 жыл толғалы отыр. Аталмыш құжат талаптары азаматтық қоғамды дамытуда қандай рөл атқаруда.

    - Біріншіден бұл стратегияда адам өмірінің сапасын арттыру, халықтың әлеуметтік жағдайын жетілдіру, қоғамда демократиялық ұстанымдарды нығайту сияқты ауқымды әрі маңызды мәселелер қамтылған. Осыған орай, мемлекетте жүзеге асырылып жатқан маңызды құжаттардың барлығы дерлік осы «Қазақстан - 2030» стратегиясының негізінде дайындалуда. Басқаша айтатын болсақ, біздің I,II, III Азаматтық форумдарымыз бен Конституцияға енгізілген өзгерістер және қоғамды әрі қарай демократияландыруды көздейтін комиссиялар барлығы да осы стратегия негізінде жоспарланған. Біздің бүгінгі экономикалық жетістіктеріміз де осы құжаттың айқын болжам, нақты мақсат-міндеттерге негізделгендігіне байланысты мүмкін болып отыр. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан тәуелсіздігін алған алғашқы жылдардан бастап-ақ өзінің алдына маңызды міндеттер қойып, бірінші экономика, содан соң саясат деген қағиданы ұстанды. Экономиканы біз көтердік, енді саясатпен айналысу қажет. Ал демократиялық бағытты ұстанып отырған елдегі саясатты қоғамдық ұйымдардың қатысуынсыз елестету мүмкін емес.

    Халық мемлекеттің де, Азаматтық Альянстың да қоғам мүддесі үшін жұмыс істеп жатқандығын айқын сезінуі тиіс

    АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -
    «Қазақстанның Азаматтық Альянсының I форумында билік азаматтық қоғамды қолдайтындықтарын білдірді, II форумда біз екіжақты байланыстарды нығайту жұмыстарын жоспарлай бастадық.
    Ал III форум екіжақты бірлескен жұмыстардың нақты нәтижесін көрсетуі керек». Бұл пікірді бүгін Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Айгүл Соловьева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Оның айтуынша, осы уақытта еліміздегі демократиялық реформаларды әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия да жұмысын аяқтады. Комиссия жұмысының негізінде еліміздегі демократияны дамыту мәселелері тұрғандығы бізге мәлім. Ал демократияны азаматтық қоғамсыз елестету мүмкін емес. «Сондықтан билік өзінің ықпалын нығайтып отырған тұста, қоғамның да күшейгені дұрыс» деді Альянс президенті.

    Оның сөзіне қарағанда, Альянс өкілдері III форумда Үкіметтің атқарған жұмыстары жөнінде есеп беруін қалайды. Өйткені кез-келген дамыған демократиялық қоғамда атқарылатын іске деген бақылау болады. «Қазіргі уақытта елімізде жүзеге асырылып жатқан түрлі бағдарламалар бар. Міне сол бағдарламалардың шапағаты халыққа тиіп отыр ма деген мәселе төңірегінде Үкімет те, Азаматтық Альянс та есеп беріп отыруы тиіс. Егер аталған екі орган да атқарылған істерді барынша ашық көрсетіп отыратын болса, халық біздің де мемлекеттің де тек қоғамның мүддесі үшін жұмыс істеп отырғанымызды айқын сезінетін болады», деді А.Соловьева.

     Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесін сөз еткенде, біздің нақты істен гөрі ұрандатуымыз күштірек сияқты – А.Соловьева

    АСТАНА. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесін сөз еткенде біздің нақты істен гөрі ұрандатуымыз күштірек және біз ылғи да осы іске кінәліні іздейміз. Ал бұл мақсатта бізге ең қажетті шарт - жүйелілік. Бүгін Астанада «Азаматтық қоғам - сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Айгүл Соловьева осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Сыбайлас жемқорлық мәселесі қозғалған көп жағдайда азаматтық қоғамның әлсіздігі сөз болып жатады. Осының өзі біздің қоғамымыздың аталмыш індетпен күрестегі әлсіздігін көрсетсе керек. Менің пікірімше, жемқорлықпен күресте бізге оның ұғымының түп-төркініне үңілу қажет. Бізге оған тек белгілі бір түсініктеме беріп қана қоймай, оның мақсат-мүдделерін, оның нарығын анықтау қажет. Айталық жемқорлық – мемлекеттік қызметті саудалау деген ұғымды білдіреді делік. Яғни, мұндай жағдайда оның тұтынушысы мен оны саудалаушылар болуы керек. Ал осы саудаға қатысушылардың мақсаттары не? Міне, осы мәселе жөнінде нақты мәлімет алу мақсатында оған арнайы тексеру шараларын жүргізу қажет», деді депутат.

    Категория: Конкурсные материалы | Добавил: kalamger (21.10.2008)
    Просмотров: 1763 | Рейтинг: 5.0/4
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Хочу поделиться
    Форма входа
    Поиск
    Социальные закладк
    Наш фотоальбом
    Конференции
    Конференция, посвященная посланию Президента страны
  • Председательство Казахстана в ОБСЕ в 2010 году

  • Расширение площадки межконфессионального диалога...

  • 65-летие Победы в Великой Отечественной войне...

  •  Осмысление роли и значения новой столицы – города Астаны

  • Теги
    IntelliBook Асем Бакытова Людмила Мананникова Нравственный выбор Ел арна А.О. Есдаулетов А.М. Жусупова Г.Исмуханова Сакен БЕКТИЯРОВ Д.К. Ерниязов леонид парфенов Л.Омарова конкурс мини-грантов К.А. Воскобойникова Валерий Коренчук Э.С. Отар Хельча Исмаилова Дария Джумагельдинова Галя Галкина Хаиржан Бекхожин Нелли Омарова Абдуманаповы Альберт Левковский Елена Брусиловскя «Экономика» «Уйғур авази» Мухтар Кул-Мухаммед Айгуль Мукей Полезные ресурсы Интеллектуальная собственность премия Геннадий Толмачев Галина Выборнова Cапа Мекебаев Литературная тетрадь Сейтказы МАТАЕВ конкурс казахский язык Гамбургская декларация о правах на посвященный природе и экологии Гламур Великая Отечественная Хорошая газета Уба-Информ астана ярмарка социальных идей и проектов. свод морально-этических правил навственность Конкурс социальной рекламы сеть холдинг Нур-Медиа казахстан хабар Сквозь пламя войны Всемирный день телевидения Презентация Открытой Литературной Ш Проскурин Медиафорум-2009 который перевернул твою жизнь». Караван Международный форум молодых лидеров Молочное вдохновение Евразийский медиафорум Семинар юношеских СМИ Волжские встр молодежный образовательный форум «С Аскар Жумагалиев Казахстан. Архитектура безъядерного так как я люблю его…» Фонд Томпсон-Рейтер и СОМплюс информационный портал «Vesti.kz» Колинко Ленинская смена Конкурс на лучший короткий рассказ чебоксары Нурсултан НАЗАРБАЕВ Выбор года – Человек года Мурат Мамбетов свобода слова Евгения Доцук Let's speak қазақша! казахский Галиева Молодежный МедиаСоюз Казахстана қазақ тілі Тренинг популяризация 20-летие Независимости Журналисты Минулин Let's speak қазақша продвижение Руслан Минулин Светлана Галиева Мы говорим на одном языке Let's speak қазақша! Светлана Галие Старовойтова Валерий Огнев Сергей Подгорбунский Огни Алатау мицва
    Наши партнеры
    Система авторегистрации в каталогах, статьи про раскрутку сайтов, web дизайн, flash, photoshop, хостинг, рассылки; форум, баннерная сеть, каталог сайтов, услуги продвижения и рекламы сайтов
    Copyright Казахстанская Академия журналистского мастерства© 2026Создать бесплатный сайт с uCoz