|
ТРК «Казахстан»
Астана
Бала кезімнен бір арманым бар. Әлі күнге дейін ол мұнарлаған сағымдай болып келеді. Мен жақындаған сайын, алыстай түседі. Оған қарсы жүгіремін, міне-міне қолым да жетіп қалғандай... Бірақ, ол алшақ. Ол елес болып қана келеді. Осыны түсінемін де, күрсінемін. Күлегей күндей батып, кейде қайта таң болып атады. Осылай көңілімді жұбатумен келемін. Жұбату деймін-ау, сол арманнан дем алып келемін. Шалағай шабытқа бөленемін. Өйткені, үміт оты сөнген жоқ. Сол бір арман-сағымға қол тигіземін деген үміт шуақ кеудемді кернейді. Таңшолпанымдай жетелеп келеді...
|