Менің тұратын үйімінің жасы егеменді Қазақстаннан бір жарым есе үлкен. Осында әр түрлі ұлтттардың өкілдері тұрады. Олар бәрі – қазақстандықтар. Олар жақсы, жанға жағымды, тәрбиелі адамдар. Зейнеткерлер және жастар, жаяу жүрушілер мен жаңа джиптардың иелері. Таң сайын біреуі бірінші қабаттан, біреуі бесінші қабаттан аулаға түсіп, өз жұмыстарына асығып кетеді.
Бірінші кіре берісте тұратын тұрғындар, ақша жинап домофон сатып алды. Олардың терезелерінің астындағы бақша қандай әдемі! Кіре берістің ішіндегі қабырғада тіпті сурет ілулі тұр. Олар: «атаның баласы болма, адамның баласы бол!» деген шындықты түсінді.
Мен екінші кіре берісте тұрамын. Ол кір, лас және жарық емес. Еден жууға біздің кіре беріске енбекқор әже келетін. Оған толық ақы ешкім бермейтін. Енді біз кірді, темекі тұқылын басып жүрміз. Көршілер менің, «300 тенгеден қосылып тазалық жүргізетін фирма жалдайық» деген ұсынысыма келіспеді.
Өздеріне кіре берісті сыпыру ұят екен. Мүмкін, олардың егемендігі өздеріні
...
Читать дальше »